АҚШ ғалымдары коронавирустың екінші толқыны қашан басталатынын айтты

АҚШ ғалымдары коронавирустың екінші толқыны қашан басталатындығын айтты  live24.ru.

image.png

Олардың айтуынша, осы қыста коронавирус өршуі мүмкін. 

Сарапшылардың пікірінше, аурудың қайта өршуі бірден бірнеше фактормен байланысты болады. 

Біріншіден, суық мезгіл адамдарды желдетуі нашар жабық бөлмелерде көбірек уақыт өткізуге мәжбүр етеді. Одан бөлек, зерттеушілер коронавирустың таралуына қолайлы жағдай туғызатын құрғақ ауаны, суықты және күн сәулесінің жетіспеушілігін сөз етуде. Калифорниядағы Стэнфорд университетінің микробиологы Дэвид Релманның айтуынша, COVID-19 қыста өрши түседі. Сондықтан адамзатты өте қиын айлар күтіп тұр деп болжады маман. Ғалымдардың пайымдауынша, қыста коронавирустың екінші толқынын болдырмау үшін қатаң алдын-алу шараларын қолдану қажет болуы мүмкін.