Туберкулез ауруын анықтауда, фибробронхоскопиялық зерттеу әдісі

Screenshot_2.jpg

Адамзат  тарихында  туберкулез  ауруы  өте  маңызды   проблема     болып  саналады.   Бұл  инфекциямен   иммунитеті  төмен  адамдардың  тез аурып  қалу  жәйттері жоғары  болатындықтан,  көптеген  жағдайларда  медициналық  мекемелерде  сырқаттың  алғашқы  сатыларында  біршама  қиындықтар  туындауы  мүмкін.    Сондықтан  да  бронхоскопия  - қазіргі  заманғы   диагностикалық  терапияда   маңызды рол  атқарады.   Яғни  бронхоскопия – туберкулез  ауруын  жоғарғы  дәлдікпен  дәлелдейтін  диагностикалық процесс.    

Заманауи  эндоскопияның   өкпе  тыныс  алу  жүйесі  бойынша  зерттеу  тәсілі  -  бронхоскопия   саласы  деп  аталады.   Фибробронхоскопия  -  тыныс  алу  жүйесінде,   әртүрлі  өкпе  патологияларын   анықтау  мақсатында    қолданылатын   арнайы әдіс  болып  табылады.

Өкпе - тыныс  алу  жүйесі  бойынша эндоскопиялық   әдісте   қолданылатын  инструментальды  аспап   бронхоскоп   деп  аталады. 

Осы фибробронхоскоп  инструментін    қолдану  арқылы  көмекей, кеңірдек  және   бронх  тармақтарының   шырышты  қабаты  мен  оның   қабырғаларындағы   патологиялық   өзгерістер  тексеріліп,  дәрігерді  дәл  диагностикамен  ақпараттандырады.  Жарықтандыру  жабдықтары  және  бейне  камерамен   жабдықталған  түтік   көмекей  арқылы  тыныс  алу  жолдарына  енгізіледі.    Осы  заманауи  жабдық  пациентке   90 пайыздан  жоғары  ғылыми   зерттеулер  дәлдігін    қамтамасыз  етеді.   Бұл  әртүрлі  патологияларда:                 өкпе туберкулезі,  созылмалы  бронхиттер,   өкпе  бронхоэктазы  аурулары,   өкпе обыры,  өкпенің  қайталамалы  жіті  қабынуы,  бронхтағы  бөгде  заттар   және  де  басқа  да  патологияларда   таптырмайтын  жабдық   болып  саналады.                                                                   

Бронхоскопиялық  зерттеуге  дайындау  үшін: бірқатар  диагностикалық  талдаудан    өту  қажет.

1. Өкпенің  аумақты рентген  суреті, компютерлік  томография.

2. ЭКГ (электрокардиограмма),  кардиотерапевт  кеңесі.

3. Қан  анализі (жалпы  қан  анализі,  қанның  ұю  көрсеткіші,  ВИЧ,   гепатит  және  т/б ). 

4. Және де  пациенттің  қосымша  науқастарына   сәйкес кейбір  консультативті  кеңесі  қажет етіледі. Яғни: қант диабеті, жүрек - қан тамырлар жүйесі  жетімсіздігі, токсикалық зоб, бронх  демікпесі және т/б.

Бронхоскопияның  жасалу  әдісі:                                                                            

1. Бронхоскопия  мүмкіндігінше  ашқарында  жүргізіледі. ( Шұғыл жағдайларда пациент 5- 6 сағат  ас  қабылдамауы  шарт).

2. Зерттеу  күнінде   темекі  шегуге  тиым  салынады. (асқынулардың  қатерін  ұлғайтатын  фактор).

3. Жүрек –қан  тамырлар  ауруларынан  зардап  шегетін   адамдар  үшін,  бронхоскопияға  дайындық  жекелеп  әзірленген  бағдарламаға  сәйкес  жүзеге  асады. 

4. Бронхиалды  астмамен  ауратын  адамдарға  қажетті  ингалятормен  жасалынады. ( Демікпенің  асқыну  сатысы  кезеңінде  бронхоскопия   науқастың  жағдайын,  дәрігер эндоскописттың  бағалауына  байланысты  жасалынады).

Әдістемесі:

Емшараның  алдында  дәрігер   пациенттен,  ҚР медициналық талаптарына  сәйкес,  негізгі  бұйрықты  ескере  отырып,    манипулияға  келісім  беру  туралы  «екі  жақты келісім протоколы»  жасалынады.

Дәрігер,  пациентпен  процедуралық   салдардың  ықтималдығы  туралы  хабардар  етеді,   сондай-ақ  пациенттің   өмір  анамнезі  туралы  сұхбаттасады.

Зерттеу  арнайы  жабдықталған  бөлмеде  жүргізіледі,  онда  операциялық  бөлмедегідей  барлық  стерилдік  талаптар  сақталады.   Емшараны  дайындықтан  өткен,   арнайы сертификатқа  ие   дәрігерлер  басқарады.                                          

Қазіргі  таңда  бронхоскопиялық  зерттеу  әдісі   бұйрыққа  сәйкес  седация  (процедураны сезбеу үшін, толық  қанды ұйқыда болады)  тәсілімен жасалынады.    Бронхоскоп  седация  (ұйқыда)   әдісімен  пациентке  ауыз  немесе  мұрын  қуыстары  арқылы  енгізіледі.   Төменгі  бөліктерге  өту  барысында  дәрігер  көмекей,  дыбыс  байламы,  трахеямен  бронх  тармақтарының   ішкі  беттері мұқият тексеріледі.  Тексеруден  соң,   бронхоскоп  ұқыпты  түрде шығарылады.  Процедурадан  соң  пациент  біраз  уақыт (1 сағат)    дәрігерлердің  қадағалауында  болады. 

Бронхоскопиядан  кейінгі  сезімдер:   процедурадан  кейін,  тамақтың  ұю  сезімі,  мұрын - жұтқыншақтың   біршама  ауа  өткізу процессі  төмендеуі  30 минутқа  созылады  (науқаста ешқандай жағымсыз  сезімдер  болмайды).                                                                                              Ем  шарадан  соң,  1-сағат  көлемінде  темекі  шегуге,  тағам,   су,  дәрілік  препаратттарды  қолдануға,  көлік  жүргізуге болмайды.

Баймурзаев  Қ. С.

ОФО дәрігері