Шымкенттік онкологтар науқастарға видеоторакоспиялық ота жасауда

Screenshot_5.jpg

Шымкент қалалық онкологиялық орталықта сол өкпесінің төменгі бөлігінің ісігі диагнозы қойылған 49 жастағы  науқасқа видеоторакоскопиялық әдіспен ота жасалды. Операция барысында мамандар ісікті аппараттың көмегімен тіліксіз алып тастады.

Операция жасалған күні-ақ науқас жансақтау бөліміне емес, бірден палатаға ауыстырылды. Науқаста ісік  флюрографиялык тексеру кезінде анықталып, онкологиялык орталыққа жолдама арқылы келген.

Мамандардың сөзінше, онкологиялық орталықта соңғы екі жылда видеоторакоскопиялық әдіспен операциялар жасалуда. Мұндай операцияның артықшылығы көп. Науқас операцияны жеңіл көтереді, операциядан кейінгі асқынулар өте сирек кездеседі, науқас наркотикалык анальгетиктер қабылдамайды. “Операция болған күні науқас өздігінен жүріп, ауруханадан 3-4 күнде үйіне шығарылады. Тағы айта кетерлігі, мұндай отадан кейін науқас оңалтуды қажет етпейді. Видеоторакоскопиялық әдіспен операциялар өкпе қуысы органдарының катерсіз және алғашқы сатыдағы қатерлі ісіктері кезінде жасалынады»-дейді қалалық онкологиялық орталығының директорының  емдеу ісі жөніндегі орынбасарының м.а Исмаилов Самат.                            

Онкологтар  қала тұрғындарына жылына бір рет фоюрографиялық тексерістен өтіп, өкпеден ісік белгілері табылған жағдайда, міндетті түрде медицина маманның кеңесіне жүгінуді ескертеді.