МӘМС БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Screenshot_1.jpg

Шымкент қалалық №4 емханада Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша семинар өтті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалының ақпараттандыру бөлімінің басшысы Ахмет Беден жүргізген жиынға барлық сақтық шараларын сақтай отырып, медициналық ұйым қызметкерлері, бөлім басшылары, дәрігерлер қатысты.

Ахмет Сисенбайұлы семинар барысында сақтандырылмаған азаматтардың мәселесі туралы айтып, бұл жағдайдың қазіргі таңда өзекті болып тұрғанын баяндады. Себебі, азаматтар жоғары технологиялы медициналық қызметтерді алуы үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылуы, тиісінше, қорға жарна аударып тұруы тиіс.

Осыған орай медициналық ұйым қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтармен насихат жұмыстарын жүргізу жөнінде түсіндірілді.

Screenshot_2.jpg

Г.НҰРБЕКОВА, №4 ШҚЕ бас дәрігердің сапа жөніндегі орынбасары 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: МӘМС БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ