Түркістан вокзалы туристерді таңқалдырарлық кейіпке енеді

Түркістан қаласын көне ғимрататтарының бірі темір жол жөндеу жұмыстарынан өтуде. Туристерді қабылдайтын қақпаның бірі саналар бұл нысанның сәулеті көз тартарлық болды.

image.png

Аталған тарихи ғимарат аумағында қазіргі таңда аяқжолдар төселіп жатыр. Одан өзге, жарықшам, орындықтар, қоқыс жәшіктері, жасыл желектер егіліп, жан-жағындағы дүңгіршектер мен нысандардың сырт келбеті шығыс үлгісінде қапталады.

Одан өзге, пойыз қызметіне жүгінетін мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мақсатында өтпе көпір мен пандус жасалмақ. Сонымен қатар, қалаға келетін қонақтар бірінші аяқ басар Теміржол вокзалы аумағында құрылыс жүргенімен, тарихи келбетін сақтап қалу ерекше назарда болады.

Жалпы, вокзал аумағы ғана емес, нысан ішінде де бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Ескі дүниелерге реконструкциялау жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып жатыр. Айта кетейік, Түркістан теміржол вокзалы бір ғасырдан астам уақыт бұрын салынған. Қабырғалары арнайы күйдірілген кірпіштермен қаланған және Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген.