Түлкібастық әжелер түрленген Түркістанды аралады

Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен демеушілер есебінен аудандық әжелер алқасының мүшелеріне Түркістан облысының киелі жерлеріне саяхат ұйымдастырылды. 

image.png

Ақ жаулықты әжелеріміз саяхат барысында Түлкібас пен Түркістан аралығындағы киелі орындарға зиарат етіп, жаңадан жаңғырған Түркістан қаласының бүгінгі көрінісін тамашалады. 

Әжелеріміз игі іске мұрындық болған аудан әкімдігінің басшылығы мен демеушілік жасаған жандарға алғыстарын айтып, баталарын берді. 

image.png

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі