Түркістанда балалар отаға Бэтман болып кіреді

Screenshot_3.jpg

Түркістан облыстық балалар ауруханасының медицина мамандары  ота  залына балаларды ерекше әдіспен кіргізуде. Кішкентай пациенттердің  ота алдында қорқыныш сезімін  болдырмау үшін "сен қаһарман батыр баласың!" деп, белгілі мультфильмның кейіпкері Бэтманның киімін кигізіп, аналары ота залына өздері ертіп апарады.

Screenshot_5.jpg

Бұл әдісті облыстық балалар ауруханасының медицина мамандары University Medical Center-де  операция ісі мамандарын біріктіретін IV Ұлттық Симпозиумына қатысып, жақсы тәжірибе жинақтап,  іс-жүзінде өз жұмыстарына енгізді. Қаһарман батыр кейіпкерінің киімін киген балғындар операцияға көтеріңкі көңіл-күймен кіруде.

Айта кетейік, бұл әдісті әлемнің озық елдері қолданысқа енгізіп, оң нәтиже беруде.