Созақ: Таланттар тасада қалмады

image.pngimage.png

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай " ТОЛҚЫСЫН ШАРТАРАП" атты онлайн республикалық өнер байқауы өткен болатын. Байқауға еліміздің 14 пен 29 жасқа дейінгі композитор, ақын, әншілер топ құру арқылы қатыса алды. Үздік орындалған 15 видео іріктеліп, тамыз айында композитордың мерейтой кешіне қатысуға жолдама алды. Әрине, байқаулар онлайн режимде өткізілді. Бұл орайда тәжірибе де жоқ емес.

Бұл байқауға Созақ ауданынан Таукенттік Қойшыбай Аяулым мен Шолаққорғандық Айдос Әлқуат қатысып, өнерлерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша Жүлделі 1 орынды Қойшыбай Аяулым және 3 орынды Әлқуат Айдос иеленді. Теріскейдің киелілігі дарыған жас өнерпаз жерлестерімізге алар асулар көбейе берсін демекпіз
“ТОЛҚЫСЫН ШАРТАРАП" онлайн өнер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі тамыз айында (күні, уақыты қосымша хабарланады), Шәмші Қалдаяқовтың туған жерінде өтеді.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Созақ: Таланттар тасада қалмады