Сарыағаш: Ауданға 10 тыныс алу аппараты сыйға тартылды

image.png

Жаны жайсаң, жомарт азаматтар біздің қоғамда баршылық. Әсіресе, дәл қазіргі пандемия тұсынды адамдар бір-бірінің қолдауына аса зәру. Қазірде елде карантин режимі екі аптаға созылып, жағдай тұрақтанған. Десе де, тыныс алу аппараттарына ауруханаларда сұраныс баршылық. Осы медициналық құрылғылардың орнын толтыруға ерікті жандар атсалысуда.

Сарыағаш ауданының орталық ауруханасына жомарт жандардың демеушілігімен 10 дана оттегі концентраторы табыс етілді. Бұл жолы игі іске ықпал болған "Шұғыла" қоғамдық қоры. Пандемия басталғалы ауданда аурудың алдын алу және жұқпалы індеттің таралмауы үшін көптеген жұмыстар жүзеге асуда.
Жібек жолы жастарының ұйытқы болуымен, Сарыағаш ауданының орталық ауруханасына келген қор өкілдері дәрігерлерге алғыстарын білдірді. Оттегі концентраттары коронавирус пен пневмония секілді дертті емдеуге қолданылады. Аппарат тыныс алуды қалыпқа келтіріп, жүрек пен өкпенің ғана емес, бауыр мен бүйректің жұмысын жетілдіреді.
Айта кетейік, бұған дейін аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен орталық ауруханаға демеуші азаматтардың тарапынан 100 төсек орын, 60 дана оттегі балоны, 15 дана оттегі концентраторы, ЭКГ аппараты, 20-тонометр, 29- пульсоксиметр табысталған болатын.