Шардара: 370 азаматқа қайтарымсыз грант тағайындалды

image.png

Кәсіптік оқу бұл – заман талабына сай, сұранысқа ие мамандарды қайта даярлайтын қысқа мерзімді курс. Елде қолға алынған "505 мың" бағдарламасы да кәсіби білім, қайтарымсыз несие алып, кәсіп иесі атануға мүмкіндік береді.

Шардара ауданда 2019 жылы осы бағдарлама аясында 370 азаматқа қайтарымсыз грант тағайындалып, қазір өз кәсіптерін жүргізуде. Мысалы ретінде, осы 505 мың грантын жеңіп, шағын жылыжай ашып, оны отбасылық бизнеске айналдырып отырған Бауыржан Құралбекұлы және ауданнан пластик цехын ашқан Серік Тоқмұрзаев есімді азаматтарды айтуға болады. Осындай азаматтар секілді наубайхана, тігін цехын, қолда бар өнерімен өз ұстаханасын ашып, мемлекеттің қолдауының арқасында өз кәсібін жүргізіп, оны әрі қарай дамытып, адал несібінің жемісін көріп отырған азаматтар аз емес.
Ал, биылғы жылы халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 2020 жылға 105 азаматқа қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. 

Бүгінгі күнге дейін өтініш білдірген 93 азаматтың тізімі мен іс-құжаттары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі құрылған комиссияның қарауына жолданып, оның 63-і оң қорытынды алып, қаржымен қамтамасыз етілуде