Ордабасыда көшпелі сауда ұйымдастырылды

image.png

ҚР Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар пакеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуды, монополияға қарсы заңнама шараларымен сауданың үстеме бағасын келісуді болдырмауды, баға мониторингіне жұртшылықты тартуды, электрондық сауданы дамытуды, тауарды өткізу инфрақұрылымын құруды және өнімді сақтау мен тиімді бөлу үшін қажетті жағдайларды жасауды қамтиды.

Ордабасы ауыданының орталығы Темірлан елді мекенінде осыған орай көшпелі сауда ұйымдастырылға.

Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және тұрғындар арасында азық-түлік тауарларына қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Тұрақтандыру қоры және Аудандық кәсіпкерлік бөлімнің ұйымдастыруымен аудан орталығы Темірлан елді мекені, "Мирас" тойханасының алдында көшпелі сауда жүргізілуде.

Үкімет басшысы Асқар Мамин өз сөзінде ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірісін кеңейту үшін қажетті жағдай жасауы керек және ішкі нарықты отандық азық-түлікпен толықтыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидия алу кезіндегі міндеттерінің бірі болуы тиіс деген болатын.