Дайындығы жоғары аурухана

Screenshot_14.jpg   

Түркістан қалалық ауруханасы пандемия кезінде 1384 пациентке медициналық көмек көрсеткен.   320 төсек орындық провизорлық стационарда  ем алғандардың  88-і ПЦР талдауына оң нәтиже бергендіктен инфекциялық госпитальге ауыстырылған. Өкінішке қарай 60 адам пневмонияның құрбаны болды.  Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков мәлімдеді. 

  Мекеме басшысының айтуынша 50 төсек орындық инфекциялық госпитальда  Covid-19 коронавирус инфекциясымен 56 науқас емделіп жазылып шыққан. Қайтыс болғандар тіркелмеген.

   Ал  карантиндік стационарда, провизорлық стационарда және инфекциялық госпитальда барлығы емделген пациенттердін саны- 2289. 

  Көрінбейтін жаумен арпалысқан аурухананың 478 қызметкерлеріне барлығы -288 037 399 теңге төленген. 

 Ауруханада эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің ішінен коронавирус инфекциясын жұктырған 11 тұлғаларға оның ішінде 8 дәрігерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем ретінде екі миллион теңгеден төленген.

  Облыс орталығында орналасқан аурухана   коронавирус инфекциясының   болжамды екінші толқынына дайындықты бастап кетті. «Бүгінде ауруханада 250 төсек орындық  провизорлық стационар, «Ақмарал»  клиникасында 70 төсек- орындық провизорлық стационар, барлығы 320 төсек орындық провизорлық стационар ашуға толық мүмкіншілік бар. Ауруханананың 2 қабатты жұқпалы аурулар бөлімшесінде 50 орындық инфекциялық  стационар ашу жоспарланған.Аурухана бойынша орталықтандырылған 81 оттегі тарату көзі орнатылған»,- дейді бас дәрігер.   Аурухана базасы инфекция жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін 16 дана жасанды өкпе желдеткіші  аппаратымен, 70 дана оттегі концентраторымен және 70дана пульсоксиметрмен қамтылып отыр.

Тағы бір айта кетерлік жаңалық, шаһардағы  Яссы Мөлтек ауданында 200 төсек орындық модульдік типтегі  жұқпалы аурулар ауруханасының жана ғимаратының құрылысы басталып кетті. COVID-19 коронавирусты инфекциясының және вирусты пневмонияның емдеу диагностикалық хаттамасындағы дәрі-дәрмектер, дезинфекциялық заттар және жеке қорғаныш киімдерінің екі айлық қоры дәріхана қоймасында сақтаулы.

Қазіргі таңда қалалық әкімшілік тарапынан ауруханаға стационарлық оттегі станциясын орнатып, іске қосу  жұмыстары жүргізілуде.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Дайындығы жоғары аурухана