Шетел журналистері экологиялық жобаға атсалысты


1..jpg

Түркістан қаласында өткен түркі елдері БАҚ басшыларының форумы аясында түркітілдес елдері тілшілері Ясауи кесенесінің айналасына ағаш отырғызды. «Ботаникалық бақта» өткен ағаш экономикалық шараға шетелдік БАҚ өкілдері қатысты. Олар елімізде бастау алған «Таза табиғат» экологиялық жобасы аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Ясауи кесенінің айналасына ағаш отырғызды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осылайша Мемлекет басшысының орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындауға старт берілді. Шетелдік журналистер экологиялық жобаға атсалысып, облыс әкімінен сұхбат алды. Жалпыұлттық жоба Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және облыстық әкімдікпен бірлесіп, жүзеге асуда. 

«Ислам бағы деген түсінік бар. Ислам бағы – жұмақ бағы. Ясауи секілді үлкен кесенелердің төңірегінде бау-бақша, көгалдандыру аймақтары болу керек. Осыған байланысты арнайы жоба жасап, сондай Ислам бағын жасап жатырмыз. Жергілікті климатқа жарайтын ең әдемі, ең шырайлы талдарды алып келіп, егіп жатырмыз. Бұл талдар жыл он екі ай бойы гүлдеп тұратын болады. 7 гектар жерге, Ясауи кесенесінің төңірегінде осындай бау жасауды ұйғардық. Бір жылдың ішінде бітірдік. Дәл қазір ең соңғы ағашты отырғыздық»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев түркітілдес елдерінің тілшілеріне берген сұхбатында.