АГРС-3 газ станциясы аяқталуға жақын

Screenshot_17.png

Үшінші мегаполисте АГРС-3 автоматтандырылған газ станциясының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Инвестициялық штабтың отырысында айтты.

Газ станциясы пайдалануға берілгенде қала тұрғындарымен қатар кәсіпкерлік саласы 100 пайыз сапалы көгілдір отынмен, ал, «Бозарық» қосалқы станциясы іске қосылғанда электр қуатына қол жеткізетінін атап өтті.

Бүгінде Шымкент қаласында 2021-2025 жылдарға арналған құны 3 триллион теңге шамасында болатын 210 жобадан тұратын пул құрылды. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асатын бұл жобалармен 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Алдағы бес жылда жүзеге асатын жобалардың 99 өнеркәсіп саласы болса, 25-і ауыл шаруашылығы бағытында. Бұдан бөлек, білім саласында 20, денсаулық бойынша 9, сауда бойынша 15, туризм саласында 8, тұрғын үй құрылысы бойынша 31 және көлік және коммуналдық қызметтер аясында үш ивестициялық жоба бар.

Штаб отырысын қорытындылаған Мұрат Дүйсенбекұлы инвестициялық келісімдер жасасу жөнінде шешімдер қабылдаудың негізгі орталығы - Инвестициялық штаб болатынын жеткізді. Және штаб отырысында көтерілген мәселе, хаттамаға енгізіліп, оның орындалуы жіті бақылауға алынуы тиіс деді.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: АГРС-3 газ станциясы аяқталуға жақын
Кейінгі: Көптеген