Тұрғындар сапалы ауыз суға қол жеткізуде

Screenshot_19.png

Шымкентте сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау және т. б. жүйелерді жаңғырту бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде.Сала мамандарының мәліметі бойынша өткен  жылы үшінші мегаполисте  22 елді мекенде су құбыры желілерінің және 5 магистралдық су құбырының құрылысы жүргізілген. Аталған жұмыстарға бюджеттен 10,097 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджеттен — 1,256 млрд теңге, жергілікті бюджеттен — 4,183 млрд теңге, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша — 4,659 млрд теңге бөлінген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 17 елді мекенде орамішілік жүйелердің және екі магистралдық су құбырының құрылысы аяқталған. Нәтижесінде  34 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қамту көрсеткіші 94,7%-дан 95,6%-ға дейін өсті дейді салаға жауаптылар. Қалған бес елді мекенде ішкіорамдық ауыз су жүйесін және үш магистралды су құбырының құрылысы ағымдағы  жылы жалғасатын болады. 

Сондай-ақ  12 елді мекенде орамішілік кәріз желілері мен үш магистралдық кәріз коллекторының құрылысы жүргізілуде. Аталған жұмыстарға бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджеттен — 638,7 млн теңге бөлінсе, жергілікті бюджеттен — 724,2 млн теңге, ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша — 485 млн теңге бөлінген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1 магистралдық кәріз коллекторының құрылысы аяқталған, ол өз кезегінде ЖСҚ әзірлеуге және оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан 12 мың тұрғыны бар жеті елді мекенді (3000 абонент) кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік бермек.