Спорт саласында жетістік көп

Screenshot_14.png

Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес, халықты дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тартуды 35%-ға дейін жеткізу көзделген.

Осы ретте Шымкент қаласында бүгінде 31 мемлекеттік меншіктегі мекемелер және мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 спорт нысаны жұмыс істейді. Шаһарда бұқаралық спортты дамытуда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жақында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының 2021 жылы 3 айда атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады. Басқарма басшысының орынбасары Бауыржан Тұманбаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен жетістіктер және басты индикаторларды баяндады. 

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, шаһарда денешынықтыру және спортты дамытуды іске асырудың негізгі бағыттары - бұқаралық спортты, спорттық инфрақұрылым дамыту, жоғары спорт шеберлігі және спорт резервін дайындау. 

2021 жылдың 3 айында қалада дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 324 690 адам немесе қала тұрғындарының жалпы санының 30,6 %-ын құрады. 2021 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар көрсеткішін 31 % -ға ұлғайту жоспарлануда (2021 жылы 10 110 адам арттыру қажет). 

Сонымен қатар, биыл жоғары оқу орындары мен арнайы орта оқу орындары, мектеп оқушылары арасында Спартакиада, жасөспірімдер командалары арасында футболдан қала чемпионаты мен қыздар арасындағы футбол лигасын өткізу жоспарлануда.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Спорт саласында жетістік көп