Елдегі тәртіпке баршамыз жауаптымыз

Screenshot_14.png

Қоғамда ұсақ құқықбұзушылықтарға, бұзақылыққа және мәдениетсіздікке «Нөлдік төзімділік» атмосферасын қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласында мамандар ауқымды шаралар атқаруда. Мәселен қалалық Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Қаратау аудандық әкімшілік аумағында жалпы 3587 хаттама толтырылған. Оның ішінде қоғамдық орнында алкогольдік ішімдікті пайдалану, ластау, түнгі тыныштықты бұзу, заңсыз сауда, темекі өнімдерін пайдалану және т.б. құқықбұзушылықтар бойынша – 1961.  Нәтижесінде ағымдағы жылдың 3 айында мемлекеттік бюджетке 5 млн. 591 мың 329,5 теңге өндірілген. 

Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше мамандандырылған әкімшілік сотына 132 әкімшілік хаттама жолданған.  Қызметкерлермен толтырылған өнбеген әкімшілік істер бойынша мәжбүрлеп өндіру мақсатында қалалық сот орындаушылар палатасына жалпы – 154 әкімшілік іс жолданған. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша әкімшілік істерді өндіру мақсатында 51 іс жолданды. Құқықбұзушының жұмыс орнына немесе басқа да кіріс көздерінен мемлекет пайдасына айыппұлдарды мәжбүрлі өндіру мақсатында 20 қаулы жолданған. 

«Елбасы: «Біз тіпті ұсақ-түйек құқықбұзушылықтарға, бұзақылыққа, мәдениетсіздікке төзбеуге тиіспіз. Себебі, бұл қоғамдық тыныштықты бұзады, өмір сүру сапасын төмендетеді» – деп атап өткен болатын. Оның негізгі мәні, әр адам қоғам тыныштығын сақтауды өзінен бастағаны жөн.  Демек, «нөлдік төзімділік» – адамдардың ұқыптылығы мен ішкі мәдениетін қалыптастыруға үндейді. Яғни, еліміздің әр азаматы кез келген құқықбұзушылыққа жайбарақат қарамауы керек. Бар мәселені тек құқық қорғаушы органдарға жүктеп қоюға болмайды. Елдегі тәртіп пен қауіпсіздік үшін баршамыз жауаптымыз. Кез келген тәртіпсіздіктің алдын алу – борыш екендігі ел азаматтарының санасына сіңірілуі тиіс»,- дейді департамент мамандары. 



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Елдегі тәртіпке баршамыз жауаптымыз