Бірлік бәрінен қымбат

Screenshot_26.png

Елімізде тәуелсіздіктің алғаш­қы күндерінен бастап бір шаңырақ астын­дағы көпэтносты халық ішінде өзара келісім мен достық қатынастар негізін­де бірлікке қол жеткізуге ерекше мән беріліп келеді. Біздің елде ғана көпұлтты ұйыстырған ассамблея қызмет атқарады. Ассамблея аясында бүгінде елімізде өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдері салт-дәстүрін, дінін, тіоін сақтай отырып, қоғамдық шараларға белсене араласып, түрлі шараларды атқарып келеді. 

Жақында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Қоғамдық келісім " КММ кызметкерлерімен және қалалық этномәдени бірлестіктердің мүшелері "Маятас " елді мекенінде болып қайтты. Ұйымдастырушылар маятастықтарға мемлекеттік этносаясатты түсіндіру бағытындағы жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім қағидаттарын ілгерілету, мемлекеттік этносаясаттың бағыттарын түсіндірді. 

«Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады»,- дейді ұйымдастырушылар.

 Кездесу барысында мамандар мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері аумақ тұрғындарын толғандыратын мәселелеріне құлақ түрді. Шара  карантиндік талаптарды сақтай отырып өткенін айта кетейік.



®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Бірлік бәрінен қымбат