Кітап - тәрбие көзі

Screenshot_7.png

Еліміздегі тұңғыш отбасымен бірге тиімді уақыт өткізуге және балалар демалысы үшін қолайлы жағдай жасалған «үй үлгісіндегі» жаңа форматтағы Отбасылық кітапханасында "Парасат жолы" орталығы ашылған болатын.

Үшінші мегаполисте жаңадан қолға алынған жоба адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіруге бағытталған. Орталықтың кітапхана қабырғасынан ашылуының себебі мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу» дейді кітапхана өкілдері.

Таяуда аталмыш кітапхада "Парасат жолы" орталығы бойынша "Быть честным и искренным" атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс - шараға 13-ші мектептің 11 "б" сынып оқушылары қатыстырылып, адалдық, адамгершілік, парасаттылық құндылықтары туралы өз ой - пікірлерін ортаға салды. Жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар жастарға жемқорлықтың түбі қорлық екенін, әрдайым адал және парасат жолымен жүру керектігін және балаларды адалдыққа тәрбиелейтін көркем әдеби шығармалар туралы баяндады. Ұйымдастырушылар мұндай шараларды тұрақты өткізетін боламыз дейді.

Айта кетейік, Шымкент қаласына қарасты 5 кітапханада адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіру мақсатында осындай «Парасат жолы» орталықтары ашылған.


 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Кітап - тәрбие көзі