Грантқа әркімнің-ақ бар таласы!

Screenshot_18.png

Үкімет бекіткен «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы талай жұрттың кәсіп ашып, нәсіп табуына жол ашты. Өткен жаңалықтарымызда кәсіп бастауға ниеттілерге қайтарымсыз қаражат алуға үміткерлерден өтінімдер қабылданып жатқанын айтқан болатынбыз. Құжат қабылдау аяқталды. Бүгін инновациялық жобаларға мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау өтті.

Жарылқасын Шотыбаев – үшінші топтағы мүгедек. Қала тұрғыны Автомектеп ашуға ынталы. Бүгін сарапшылардың алдында өз жобасын қорғады. Ал, комиссия мүшелері Жарылқасынның жобасына жаңашылдық енгізуді ұсынды. Айталық, мүгедектерді көлік айдауға үйрететін арнайы мектептер бізде жоқтың қасы.

Грант алуға ықылас танытқандардың дені –көпбалалы аналар. Күміс алқа иегері Эльмира Тамырбаева тәтті тоқаш, торт-бәліші бар жалпы кондитерлік өнімнің түр-түрін пісіріп сатады. Көпбалалы келіншек жобасының жаңашылдығы – ашытқысыз піскен нан. Қаржы қолға тисе, цех ашып, құрал-жабдықтарын түгендемекші.

Жалпы байқауға 200-ден астам өтінім қабылданды. Соның 38-і құжаттары түгел болмағандықтан, кері қайтарылды. Комиссия іріктеуіне 179 жоба қатысты. Соның 30-ы ғана жеңімпаз атанбақ.

  «Байқау барысын прокуратура және «Антикор ЛАЙФ» өкілдері қадағалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер шара барысынан тікелей эфирге қосылды. Ал, инновациялық жобаларды қолдау үшін жергілікті бюджеттен 150 млн. теңге қарастырылған»,- дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық  даму басқармасының бөлім басшысы Үсен Исаев.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Грантқа әркімнің-ақ бар таласы!