Ветеринарлардың жұмысы тексерілді

20.jpg

«Дәрігер  науқасты емдейді, ал ветеринар бүкіл адамзатты емдейді» деген сөз бар. Осы сөздерден ветерниария саласының біздің өміріміз үшін қаншалықты маңызы екендігін түсінуге болады. Расында да мал дәрігерлері адамзатты көптеген қауіпті аурулардан сақтайды. Оның қызметі әлсіреген кезде ауру өршиді. Оның ішінде тіпті әлі емі табылмаған, адам үшін аса қауіпті індеттер де бар. Сондықтан ветеринария саласының тыныс-тіршілігі қай кезде де басты назарда. 

Жуырда Ордабасы ауданы  әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нұрділлә Мырзалиевпен бірге Қараспан ауыл округіндегі шаруалармен кездесіп, аумақтағы энзоотияға қарсы шаралардың жүзеге асырылуын тексерді. Жалпы, Қараспан ауыл округінде 1 меңгеруші, 4 ветеринар дәрігер, 16 ветеринар фельдшер жұмыс істейді. 

 «Ордабасы аудандық ветеринарлық қызметі» мамандарының мәлімдеуінше энзоотияға қарсы 15 515 ірі қара, түйе мен жылқы бүркіліп, 340 198 шаршы метр қора жайлар, 185 500 шаршы метр мал иірімдері, суаттар залалсыздандырылған. Сонымен қатар, 77 025 уақ мал тоғытылды. 

Қыдырбай Құнанбайұлы бірқатар қора-жайларды аралап, жұмыс сапасын көрді. Суаттардың жағдайын көріп, ветеринария қызметіне бірқатар сын-ескертпелер жасады. 




®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ветеринарлардың жұмысы тексерілді