Қайнарбұлақта коммуналдық мәселе шешілуде

Screenshot_15.png


Шымкент қаласын 2023 жылға дейінгі кешенді дамыту жоспарына сәйкес тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде Қайнарбұлақ елдімекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы қарқынды жүруде. Жоба құны – 2,195 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «Turan Energo Group» тарапынан электр бағаналарын орнату жұмыстары атқарылып жатыр. Нысан құрылысы келер жылдың II тоқсанында толығымен аяқталадыдейді мердігер компания өкілдері. Құрылыс толығымен аяқталған кезде  Қайнарбұлақ елдімекенінің тұрғындары сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін жеке компанияның электр қуатын пайдаланып келген тұрғындар жарықтың сапасыз екенін айтып жиі шағымданатын. Енді міне, сапалы электр жарығына қол жеткізген халықтың қала басшысына айтар алғыстары шексіз. Себебі қайнабүлақтықтар тек қана жарықпен емес сондай-ақ көгілдір отын және сапалы ауызсумен де қамтылмақ.  Аталған елдімекенді табиғи газ және ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірлену үстінде. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «МПК проект» ЖШС-і анықталған. Келер жылы жобаға сараптама қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізілетін болады дейді мамандар.