«Ауыл - Ел бесігі» жобасы өз шарапатын берді

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту мақсатында Сайрам ауданында "Ауыл - Ел бесігі" жобасы өз жұмысын тиімді атқаруда. Бұл жоба алдағы уақытта аудан көлемінде өзінің жақсы нәтижелерін берері сөзсіз.

image.png

Осы негізде, Сайрам ауданында басталған, Ақбұлақ ауылдық округіндегі онкүндік «Ауыл – ел тірегі» жобасы қорытындыланды.

Ауылдық округ бойынша осы он күн көлемінде атқарылған жұмыстардың жайын аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Азаттуллаұлына бөлім басшылары баяндады. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Шамхат Розақұлұлы да қатысты.

Ақбұлақ ауылдық округінде өтетін онкүндік жұмыс жоспарына жалпы 84 іс-шара қамтылып, 53 іс-шара іске асырылған

Онкүндікте ауылдық округ бойынша аудан әкімінің қаулысына сәйкес жалпы 140,0 га жайылымдық жер учаскелері қайтарылып, Ақбұлақ ауылдық округі әкімдігі мемлекеттік мекемесіне табысталды. Ақбұлақ ауылы Құрмантаев көшесінде 1 және Қонаев көшесіндегі 1 дана қоршауы жоқ электр трансформаторларын қоршалды.

Рәсіл ата көшесінде орналасқан 6 және Қонаев көшесінде орналасқан 1 тозығы жеткен электр бағаналары ауыстырылды.

«Жаса 2» ЖШС-і өзіне жүктелген қызметті дұрыс орындамағаны үшін шығарылып, оның орнына «Бұлақ»ЖК –ге жүктелді. Тозығы жеткен 12 темір – бетон құдықтары ретке келтірілді. Мүмкіндігі шектеулі отбасын табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілді.

Ішкі Әл-Фараби және Ақсу көшелерінде пайда болған ақаулар қайта қалпына келтірілді.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі 214,8 га егістік жер, 107 га жайылымдық жер, жалпы 321,8 га жері енгізілді.

«Аламан» 3 км, «Күшік» 1 км жалпы жоспар бойынша 4 км механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. 3 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар грант алып,(тамшылатып суғару) тиісті жұмыстар атқаруда, - деп баяндады аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М. Нұрлыбаев

Жиын соңында аудан басшылығы онкүндік барысында белсенділік танытқан тұрғындар мен қайырымдылық шараларына демеушілік көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.