Манкенттіктер сапалы жарықтандырудың куәгері болады

Жарық мәселесі толықтай шешімін тапты. Себебі, алдағы уақытта Манкенттіктер сапалы жарықтандыру жұмысының куәгері болмақ.

image.png

Осы негізде, Манкент ауылдық округінде тұрғын үй құрылысы аумағының өсуіне және жаңа коммерциялық объектілердің қатарының артуына байланысты жаңа электр тұтынушыларын қосу үшін энергия қуаты артып келеді. 

Ағымдағы жылдың шілде айында Манкент ауылдық округінің Жалал ата көшесі бойында «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілік шектеулі серіктестік тарапынан 400 кВт қуатты трансформатор орнатылды.

Трансформатор ауылдағы Жалал ата, Алматы, Акрамов және Ташев көшелеріндегі 200 ге жуық абонентті үздіксіз электр жарығымен қамтамасыз етеді. 

Ауылдағы электр желілерін жаңарту, тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру, трансформаторлар орнату жұмыстары 2016-2022 жылдарға арналған "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС инвестициялық бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.