Басқарма басшысы индустриалды аймақта болды

11.jpg

Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Азимов Созақ ауданына іс-сапармен келді. Сапар барысында аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, бөлім басшылары, Кәсіпкерлер палатасының мамандары, «Turkistan» ИАБК» ЖШС өкілдерімен бірге Шолаққорған ауылында орналасқан индустриалды аймақта болып, ондағы «UKO-S STAR» Металл құрастыру зауыты» ЖШС, «Дархан-Ас» ӨК-і «Иодталған ас тұзын шығаратын зауыты» және «ЮКСЭС 50» ЖШС күн электр станциясының жұмыс барысымен танысты. 

Басқарма басшысы кәсіпорын иелері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Тиісті бөлім басшыларыне электр энергиясының бағасын қалыпқа келтіруді және интернет желісімен қамтыуды тапсырды.

Созақ ауданында шағын және орта кәсіпорындарды бір жерге шоғырландыру (инудустриалды аймақ) арқылы олардың инфрақұрылым (автожол, жарық, байланыс торабы) мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешілген. Мұндай тәжірие қазіргі уақытта өзге аудан, қалаларда сәтті жүзеге асуда. Бұл өз кезегінде өнеркәсіптік, кәсіпкерлік жобаларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде отандық өнімнің көлемі артады, бюджетке түсетін түсім көбейеді, жұмыспен қамтылатын азаматтардың саны артады.     

Кәсіпорын басшыларымен кездесу барысында проблемалық мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, тиісті тапсырмалар берілді.