Пробация есебінде тұрған жастар киелі орындарды аралады

11.jpg

Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы және аудандық полиция бөлімімен біргелікте пробация есебінде тұрған жастарды қоғамдық өмірге бейімдеу мақсатында Дарбаза ауылдық округінде орналасқан Ердәуіт баба тарихи киелі орнына саяхат ұйымдастырылды. 

Ердәуіт баба қадам жайы Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылынан 36 шақырымдай жерде орналасқан. Ердәуіт баба темірдің ұстасы. Ердәуіт баба қадам жайының Шығыс беткейіндегі 2 қырдың астында суы шипалы 5 бұлақ бар.

Жастар экскурсия барысында киелі орындардың маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп, аталған азаматтар киелі орынның тарихымен жіті танысты. Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған бұл сапар азаматтардың туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттырды.

Айта кетері, Пробация санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі болып табылады. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспарындағы басты тапсырмалардың бірі –бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу болып табылады.