Ұстаз - болашақтың бағдаршамы

8.jpg

Сарыағаш ауданы адами әлуетті дамыту бөлімінің басшысы Бауыржан Майрихов ұстаздарды Білім күнімен құттықтады.

"Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты",-деді Бауыржан Майрихов құттықтауында. - 2020-2021 оқу жылын 55482 оқушымен аяқтаған болатынбыз.  Биыл 2021-2022 жаңа оқу жылын 57577 оқушымен, 80 сынып комплектісімен бастағалы отырмыз. Оның ішінде оқыту тілі бойынша қазақ тілінде – 51925, орыс тілінде – 3882, өзбек тілінде -133, тәжік тілінде-1637 оқушы білім алады.  Мектептегі білім сапасының басты көрсеткіштерінің бірі - бұл мектеп түлектерінің ҰБТ - дегі көрсеткен білім деңгейі. Аудан бойынша ҰБТ 2021 жылдың 15-сәуір мен 30-маусымы аралығында алғаш рет электронды түрде Сарыағаш қаласы, Шәмші гүлзары №42 үйде оналасқан Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің базасында ораналсқан Ustudy тестілеу орталығында өткізілді. Қорытындысы бойынша 11-сынып бітірушілерінің (2659) 67 пайызы (1773) ҰБТ сынағын тапсырып, 100 баллдан жоғары жинаған балалардың саны-390 болып, 100 баллдан асқан біріушілердің 22,1 пайызын құрады. Сондай-ақ 2021 жылы аудан бойынша жалпы 6 мектептің (облыстық бюджеттен 3 мектеп, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен 3 мектеп) құрылысы жүруде. 3 апатты және 2 үш ауысымды мектеп бар, оның ішінде биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі. Қазіргі таңда жалпы 6 мектеп құрылысы жоспарланған. Қыркүйек айының 1-іне 6 мектептен 2-еуі, қалғаны жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, 2 мектептің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім - білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет. Осы жолда қажымай, талмай еңбектің өлшеусіз үлесін көрсетіп, болашақтың бағдаршамы - ұстаз деген атаққа әрқайсың да лайық болыңыздар, қымбатты ұстаздар!


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ұстаз - болашақтың бағдаршамы