Дін және дәстүр сабақтастығы

11.jpg

Жұртшылықты, әсіресе жастарды теріс ағымдардың қаупінен сақтандыру бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып отыр. Жуырда Түркістан облысы Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен  дін саласындағы мемлекеттік саясатты халықтың мақсатты топтарына түсіндіру бағытында Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс ауылдық мәдениет үйінде кездесу болып өтті. Бұл туралы Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады. 

 Іс-шараға халықтың мақсатты топтары елді мекен тұрғындары, жалпы білім беретін мектеп ұстаздары қатысты. Аталған іс-шараға елімізде дін саласы бойынша жұмыс жүргізетін республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Сманов Дінмұхамед Абдіжаппарұлы, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Қозыбаев Адияр Хайбилдаұлы және жауапты сала мамандары қатысты. Іс-шара барысында бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі жат ағымдармен күрес, ұрпақ тәрбиесі, дін және дәстүр сабақтастығы тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар, осындай игілікті шара Жаңатұрмыс ауылындағы «Айна қожа» мешітінде жалғасын тапты. Мешітке жиналған ауыл тұрғындарына және мешіт жамағаттарына Д.Сманов жат діни ағымдардың ықпалына түспеу және олардың зардаптары, сонымен қатар, отбасындағы өзекті мәселелер, елдің ынтымағы бірлікте екені жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Дін және дәстүр сабақтастығы