Түркістандықтар Sinopharm вакцинасын да салдыра алады

Түркістан облысына әлем халқын әбігерге салған коронавирус жұқпалы инфекциясына қарсы Sinopharm вакцинасы жеткізілді. Аталған қытайлық екпенің 105 мың доза екінші компоненті мен 22 мың доза бірінші компоненті жеткізілді. Енді Sinopharm вакцинасын Түркістан облысындағы аудандық ауруханалардың барлық емханалары мен екпе салдыру пункттерінен қабылдауға болады.

image.png

Түркістан облысына осы күнге дейін жалпы COVID-19жұқпалы індетіне қарсы вакцинаның 858 мың 637 дозасы жеткізілген. Енді облыс тұрғындары корорнавирус жұқпалы инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың жасап шығарған CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакциналарын қабылдай алады. Бүгінде өңір бойынша ковид жұқпалы дертіне қарсы вакцинаның бірінші құрамын 832 мың 504 адам қабылдады. Ал, коронавирусқа қарсы екпенің екінші компонент 645 мың 73 адам салдырған.

Түркістан облысы бойынша соңғы тәулікте коронавирус жұқпалы инфекциясына шалдыққан 52 жағдай тіркелді. Өңірде тәуліктік өсім 0.38 пайызды құрайды. Жалпы өңірде Қытайдың Ухань қаласынан тараған жұқпалы індет елімізде пайда болған күннен бері коронавирустың 13 мың 705 жағдайы анықталып тіркелген.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы медициналық емдеу мекемелерінде сегіз оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.