Ішкі туризмді дамытуға үлес қосқан «JAKE TAU» марапатталды

Screenshot_1.jpg

Бүгінгі таңда туристік турлар кең сұранысқа ие болуда. Мысалы кей адамдар жалғыз болып табиғат аясына шыққысы келмейді. Жанында бір топ адам болса ғана шығады. Себебі топпен бірге жүрген көңілді. Топпен жүрсе уақыт тез өтеді. Қуанышын бөліседі. Ал жалғыз жанға ештеңе қызық емес екені белгілі. Осы орайда жалғыз жандардан топ жинап оларды өңірдің табиғатымен таныстыруда туристік турлар зор еңбек сіңіруде. Шымкент қаласы тур ұйымдастырушылардан кенде емес. 

Осы орайда жақында Шымкент қаласының ішкі туризмінің дамуына үлес қосып келе жатқан «JAKE TAU» туристік компаниясы марапатталды. Құрамы жастардан жасақталған мекеме өзінің креативті бастамаларымен үнемі көш басында келеді. Қысқа уақыт ішінде 4000-нан аса туристке сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан «JAKE TAU» өкілдері үнемі отандық және шетелдік қонақтар тарапынан сұранысқа ие. 

Шымкент қаласының туристік әлеуетін арттыру бағытында еңбек етіп келе жатқан ұжымға «Visit Shymkent» орталығы алғыс білдіріп, халықаралық деңгейде елімізді танытуда өз үлестерін қосуға тілектестік білдіреді.