Шымкенттің АҚШ-пен байланысы берік

Screenshot_39.png

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвиджпен кездесті. Бас консулды жаңа миссиясының басталуымен құттықтаған қала басшысы екі жақты қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

Кездесу барысында Мұрат Әйтенов  мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, қалада инвестиция тартуға жайлы жағдай жасалғанын, аймақтың туристік әлеуметі мол екенін  атап өтті. Сонымен қатар,  Шымкент – Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен және олардың астаналары Ташкент пен Бішкек шекараларына жақын орналасқан республиканың ірі өнеркәсіптік және сауда орталықтарының бірі болып табылатынын жеткізді."Біздің басты мақсатымыз – қаламызды адам өміріне қолайлы және бизнес жүргізуге ыңғайлы мегаполиске айналдыру. Оған қол жеткізу үшін біз инвестициялық қоғамдастықтармен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруды көздейміз. Қазақстан мен АҚШ бизнесінің игілігі үшін жаңа жобалар бірлескен жұмыстың нәтижесі болады деп ойлаймын"-деді қала мэрі. Өз кезегінде Кэролайн Сэвидж екі мемлекет арасындағы қалыптасқан ынтымақтастық дами беретініне сенім білдіріп, биыл АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа 30 жыл толып отырғанын тілге тиек етті. Сонымен бірге ол Қазақстан жұртшылығын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері сараланды.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Шымкенттің АҚШ-пен байланысы берік