275 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

 Screenshot_49.png

Шымкент қаласы аумағында ағымдағы жылдың 12-қазанынан бастап «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты – қала аумағында көлік құралдарын жүргізушілердің оның ішінде мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілерінің көлік жүргізу тәртібін арттыру мен жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзу мен жарақаттанушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету, әсіресе мемлекеттік белгілері шетелдік көліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Жедел-профилактикалық іс-шараның жетінші күнінде көлік жүргізушілермен жасалған 4504 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 

Оның ішінде, мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілермен жасалған 275 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 27 автокөлік арнайы автотұраққа қойылған.

Айта кету керек, іс-шара ағымдағы жылдың 10-қарашасына дейін жалғасын табады. Осындай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Cондай-ақ ағымдағы жылдың 4-қазан мен 4-қараша аралығында қалада «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты - азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін 3600 қару иелері және 42 күзет агенттігі тексерілді. 73 құқықбұзушылық анықталды. 13 қару және 1 оқ дәрі тәркіленіп алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады.   «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2021 жылдың 4-қарашаға дейін жалғасатын болады.