Сарыағашта түнгі рейд ұйымдастырылды

16.jpg

Сарыағаш ауданы аумағында жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүруін қадағалау мақсатында Сарыағаш аудандық полиция бөлімі және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерінің қатысуымен Сарыағаш қаласы аумағындағы кафелер, компьютерлік клубтар, ойын-сауық орталықтары мен орталық көшелерде түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығы хабарлады. 

 Рейд барысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер анықталып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кетері, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы қасым-Жомарт Тоқаев:

-Біздің қоғам еңбек құндылықтарына деген көзқарасты өзгертуі керек. Жас буынға еңбекті бағалауды, оны абыройлы және абыройлы емес деп бөлмеуді үйреткеніміз жөн. Өкінішке қарай, жастарымыз әп-сәтте байып кеткісі келеді. Олардың лотереяға, бәс тігуге және букмекер агенттіктеріне жаппай әуестігінің себебі осында. Күнделікті өмірде гастарбайтерлер туралы орынсыз қалжың айту және олардың еңбегін менсінбеушілік етек алды,-деп атап өткен болатын.

Жастарды келеңсіз жағдайлардан сақтындыру, дұрыс бағыт-бағдар беру, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсіндірудің маңызы зор. Осы бағытта ұйымдастырылған рейд тұрақты түрде жүрзілмек.  


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сарыағашта түнгі рейд ұйымдастырылды