Қапланбекте "Гүлденген Түркістан» эко-акциясы өтті

18.jpg

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысында “Гүлденген Түркістан” ағаш отырғызу эко-акциясы бастау алған болатын. Бастаманы жалғастыру мақсатында Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылдық округінде ағаш отырғызу акциясы өтті. Акцияда 50 түп ағаш отырғызылды.

Акцияны өткізудегі негізгі мақсат - аудан тұрғындарына туған өлкелерін таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, ауылды тазалыққа шақыру. Алдағы уақытта эко-акция ауданымыздың басқа да қала, кент, ауылдық округтерінде өткізіледі.

Айта кетейік, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді. Мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет. Қоғамда экологиялық құндылықтарды орнықтыруға үндейтін «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізіп тұрған жөн. Ел ішіндегі экологиялық туризм мәдениетін белсенді дамыту – маңызды міндетіміз,-деп атап өткен болатын. 

       Туған жерді көгелдандыруға бағытталған экологиялық акция Сарыағаш ауданының өзге де ауылдық округтерінде жалғасатын болады.