«Мүмкіндіктер алаңы» – жұмыс беретін жәрмеңке

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласындағы халық көп шоғырланатын орындардың бірі «Арбат» алаңы. Содан да болар дәл осы жерде , осы сәттерде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» бағыттары бойынша бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтуде. тар да ұсынылады. «Мүмкіндіктер алаңы» деген тақырыппен өтіп жатқан жәрмеңке бүгін сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Бұл әсіресе, жұмыссыз жастарға үлкен мүмкіндік сыйлайтын шақ.

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектері, жалпы 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жүрген жастарды нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту, жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына мүмкіндік беру және кеңес алу алаңынан барыңыз.

Жәрмеңкеда 50-ге жуық жұмыс беруші мекеме бар, 9000-ға жуық медициналық, техникалық, педагогикалық, жеңіл өнеркәсіп және қызмет көрсету салалары бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылуда. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби оқыту курстары туралы мәлімет беріледі.

Сондай-ақ, іс-шара аясында қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, жұмыспен қамту орталығы мамандарынан кеңес (түйіндеме құрастыру үлгісі, ЭЦҚ кілтін ашу және enbek.kz порталын пайдалану мүмкіндіктері және т.б.) ала аласыз.