Артериялық гипертониямен күресе білейік !

Screenshot_13.jpg         

 Жүрек қан-тамырлар жүйесі  ауруларының негізгі факторларының бірі гипертония немесе жоғары қан қысымы болып табылады.  

Артериялық гипертонияның дамуына келесі қауіпті факторлар әсер етеді:

құрамында тұз мен майы өте көп мөлшердегі және жеткілікті мөлшерде  жемістер мен көкөністері жоқ тағамдарды тұтыну;

алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну;

дене белсенділігінің және денеге түсетін ауырлықтың аздығы;

күйзелісті бақылаудың жеткіліксіздігі жатады. 

 Бұл мінез–құлықтық қауіп факторлары көбінесе адамдардың жұмыс істеу және өмір сүру жағдайына, халықтың денсаулықты сақтауға қатысты  қарым-қатынасына, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты болады. Мамандардың пікірінше, жүрек қан-тамыр аурулары, инсульт пен артериялық гипертониядан болатын 80 пайызға дейін мезгілсіз өлім-жітімді келесі мінез-құлықтық қауіп факторларды бақылау арқылы алуға болады, олар: темекіні тұтыну, дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің төмендігі, артық салмақ.

Жоғары қан қысымы – өмір салтын жедел түрде өзгерту қажеттілігін білдіретін қауіпті сақтанатын белгі және адамдардың неліктен жоғары қан қысымының қауіпті екендігін, олармен күресудің жолдарын  білулері қажет.

Жоғары қан қысымының даму қатерін және оның салдарын азайту немесе алдын алу үшін әрбір адам келесі нақты бес қадам қабылдауылары қажет:

- Дұрыс тамақтану: салауатты өмір салтын ұстану және балалар мен жастардың тамақтарына ерекше көңіл бөлу керек; күніне  5 грамға дейін тұз (бір шай қасықтан аздау) тұтыну керек; күніне  бес порция көкөніс және жемістерді жеу керек; нәрлі және жалпы майларды тұтынуды азайту.

-  Алкогольді ішімдікті шамадан тыс тұтынбау керек.

- Дене белседілігімен шұғылдану: үнемі дене белсенділігін қолдау және балалар мен  жастарды дене белсенділігіне ынталандыру (ең аз дегенде, күніне 30 мин); қалыпты салмақты ұстау: әрбір артық 5 кг салмақты тастау 2-10 мм.б.ст. систоликалық қан қысымын төмендетуге ықпал етеді.

- Темекі тұтынуды және темекі өнімдерінің ықпалын тоқтату.

- Күйзелісті медитация, тиісті дене жаттығулары және  жағымды әлеуметтік байланыстар арқылы  дұрыс әдістермен басқару.

          Гипертонияны ерте анықтау және емдеу, басқа қауіпті факторларды бақылауда ұстау, сондай-ақ мінез-құлықтық қауіп факторларын азайтуға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы саясат жүрек ауруы мен инсульттан болатын өлім деңгейін біртіндеп төмендетуге ықпал етеді. 


  Айжан Молдабаева,                   

             Шымкент қалалық салауатты өмір салтын 

қалыптастыру орталығының үйлестірушісі