Ыстық тағамның бала денсаулығына пайдасы

Ас – адамның арқауы. Қаншалықты дұрыс тамақтансақ, денсаулығыңыз соншалықты мықты болмақ. Дәрігерге барғанда ересек денсаулығыңыз бала кезіндегі денсаулығыңыздың қалай қалыптасқандығына байланысты  екендігін жиі қайталайды.

Screenshot_16.jpg

Балалар мен жасөспірімдердің асқазан-ішек жолдары ауруымен жиі ауырып отыратындығы алаңдатарлық жағдай. Әрине елімізге дені сау ұрпақ қажет. Алайда, мектепте үзіліс кезінде ыстық тамақпен тамақтанбайтын оқушы, яғни тез шаршайды, жиі басы ауырады, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығады, көңіл-күйімен жұмыс істеу, ойлау қабілеті төмендейді. Бір байқағанымыз  мектеп оқушылары сапалы ыстық тағамды емес жарнамаланған тамақтарға құмарлығы артуда, яғни чипсы, бутерброд, кока-кола, кептірілген қытырлақ нандарды тағы сол сияқты тез дайындалатын тағамдарды қалайды. 

Балалардың денсаулығын олардың үйлесімді өсуін, дене және психикалық дамуын, ішкі ортаның жұқпалы аурулармен басқа да жағымсыз факторлар әрекеттеріне тиімді тамақтануды тұрақты қажеттілікте қамтамасыз ете алуымыз қажет. Сондықтан мектептегі білім алушыларға талаптарға байланысты ыстық тамақ керек. 

Дұрыс тамақтану баланың өсуіне, оның ақыл-ой  және  дене дамуына бірінші дәрежелі рөл атқарады. Тамақтың  құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Күнделікті тағамның әр түрлі болғаны, бала денсаулығына  маңызы зор. Көкөністер мен жемістер, дәнді-дақылдар, сүт өнімдері бала денсаулығының дұрыс  тамақтануы үшін қажет, ал  заттар мен дәрумендер осы аталған өнімдерден алынады. Мысалы, сүт өнімдерінің құрамында  өте көп мөлшерде кальций бар. Балаларды ең пайдалы қатықтармен, табиғи йогурттармен және ақ ірімшік  жеуге дағдыландыру қажет, олардың  құрамында майлармен  сода аз.Көкөністер мен жемістер А,С дәрумендердің көзі болып саналады. Көкөніс пен жемістердің жаңа піскен түрі ғана емес, сонымен қатар кептірілген жемістерін де пайдалануға  болады. Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант енгізген дұрыс. Ал балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі-жеті күнтізбелік күнде бір рет енгізіледі.

Таңғы ас тағамнан (бірінші немесе екінші) және сусыннан (компот, кисель, шай және шырындар) тұрады. Жұмыртқаны, шырындарды, жемістерді, сары маймен немесе ірімшікпен бутербродтарды таңғы асқа енгізуге немесе жеке қабылдауға жол беріледі.

Түскі асқа салат, бірінші, екінші тағам (негізгі тағам еттен, балықтан немесе гарнирі бар құс еті) және үшінші (компот, кисель, шай және шырындар) кіреді. Пісірілген және жас көкөністерден оңай жасалатын салаттар дайындалады.

Бесін аста мәзірге тоқашпен және кремі жоқ кондитерлік өнімдермен бірге сусын (сүт, қышқыл сүт өнімдері, кисель, шырындар) енгізіледі. 

Кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан, негізгі екінші тағамнан (ет, балық немесе гарнирі бар құс еті), сусыннан (шай, шырын, кисель) тұрады. Қосымша екінші кешкі ас ретінде жемістер немесе қышқыл сүт өнімдері, тоқаш немесе кремі жоқ кондитерлік өнімдер енгізіледі.

Сонымен бірге, дұрыс ұйымдастырылған тамақтану балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды, пайдалы әдеттерді, тиімді тағамдық тәртіп деп аталатын, мәдени тамақтану негізі  қаланады. 

Е.Айнақұл,

Бәйдібек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы