МӘМС пакеті 2020 жылдан бастап іске қосылады

01.jpg

Елбасы Н.Назарбаев  кепілдендірілген тегін медициналық көмектің жаңа үлгісі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерін бекітетін заңға қол қойды. Естеріңізге сала кетсек, тегін медициналық көмектің жаңа үлгісі мен МӘМС пакеті 2020 жылдан бастап іске қосылады. Өткен жылдың желтоқсан айында Медициналық сақтандыру қорына 10,4 млрд теңгеден астам жарна түсті.Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 133 млрд теңгені құрады.Оның 124,3 млрд теңгесі (шамамен 93,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (6,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.


"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы

02.jpg


03.jpg