Шымкенттік дәрігерлер ашық есік күніне шақырады

1485242249.jpg

Қалалық онкологиялық орталықта 2019 жылдың 26 қаңтар күні сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін жатыр мойны обырының алдын алу және ерте анықтау мақсатында ашық күн өтеді.

Бұл күні қыз-келіншектер арнайы жолдамасыз әрі тегін онкогинекологтан кеңес ала алады. Сонымен қатар жатыр мойнынан онкоцитологиялық жағынды анализін тапсыруға болады

Қосымша ақпарат қажет болса +7 7252 36-11-13 телефонына хабарласуға болады

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі № 85. қабылдау және кеңес беру бөлімі.