Медицина ғылымдарының докторы Әмір Ахетов дүниеден өтті

20190203130437.jpg

ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры Әмір Амантайұлы Ахетов өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚР Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры Әмір Амантайұлы Ахетовтің мезгілсіз дүниедін өткенін хабарлаймыз. Әмір Амантайұлы Іс басқармасының жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек етті. Әр жылдарда «Алматы» және «Оқжетпес» санаторийлерінің, Орталық клиникалық ауруханасының, Медициналық орталық ауруханасының басшысы қызметтерін атқарды», -  делінген ҚР Президенті Іс басқармасының мәліметінде. Әмір Ахетов медицина ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры болды. Ол 2017 жылы ғалымдар тобының құрамында ұзақ өмір сүру жолындағы әзірлемесі үшін ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын иеленді. «Әмір Ахетовтің жарқын бейнесі әріптестерінің жадында мәңгі сақталады», - деп атап өтті ҚР Президентінің Іс басқармасынан.