Акушер-гинекологтар тәжірибе алмасуда

Screenshot_1.png

Шардарада Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен "Тиімді перинаталды технологиялар" республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр.

Жиында Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау басқармасының бас сарапшысы Жанар Садуова мен Алматы қаласындағы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры Динара Мирзахметова бастаған қонақтар Түркістан облысының дәрігерлерімен бірлесіп ана мен нәрестелердің дансаулығын нығайту, ана мен перинаталды өлім-жітімді азайту мақсатында тиімді перинаталды технологияларды енгізуге қолдау көрсету мен жүкті әйелдерге антенаталды көмек беруге бағытында тәжірибе алмасуда.

Басқосуда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған халықаралық технологиялардың дәлелді медицинасына негізделген тиімді перинаталды күтім, сәбидің туа біткен кемістіктерін уақытылы анықтау үшін генетикалық және ультрадыбыстық скрининг жасау секілді маңызды мәселелер ортаға салынды.

Шардара аудандық орталық ауруханасы, перзентхана бөлімі "Қазақстан Республикасында акушерлік - гинекологиялық көмекті көрсету стандарты" бойынша І деңгейлік перинатальды көмек көрсететін ұйым. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары мен ҚР ДСМ диагностика және емдеу протоколдарына сәйкес жүкті, босанатын және босанған әйелдерге жүйелі көмекті ұйымдастыру жұмыстары жетік меңгерілген. "Қауіпсіз жүктілік", "Тиімді перинатальды технологиялар" бойынша босануды жүргізу, жаңа стандарттарға сәйкес 3Н жүйесі бойынша аса ауыр жағдайлардағы көмек көрсету дер кезінде жүзеге асырылып келеді.

Босану бөлмерінде (индивидуальные родовые палаты), жүкті әйелге керекті жағдайлар толық жасалынған. ДДСҰ - ның ұсынысы бойынша босануды тігінен жүргізу мақсатында, жүкті әйелдерге қауіпсіз және ыңғайлы болуы үшін, ескіні заманауи талаптарға сай жаңарту мақсатында, "арқанға асылып босану" тәжірибесі қолға алынуда.

 2017 жылмен салыстырған 2018 жылы босану саны 991-ден 1063-ке артқан. "Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы",  Алматы қаласы "Акушер - гинекология және перинатология ғылыми институты" және "Шардара аудандық ауруханасы" басшылық құрамының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің қолдауымен Республикалық ғылыми - тәжірибелік конференция ұйымдастырылуы, өңіріміздегі ана мен бала ахуалының жақсаруына, әр шаңырақтың бала күлкісінің сыңғырына бөленуіне, еліміздің демографиялық көрсеткішінің өсуіне, ана және бала өлім көрсеткіштерін төмендету мақсатында жасалып жатқан үлкен қадам.

 Болашақта перзентхана бөлімінің жұмысын жаңа ІІ деңгейге көтеріп, жүкті әйелдерге аудан көлемінде босануға жағдай жасалынбақ.