Түркістандық дәрігерлер суға батқан 4 жасар қызды құтқарып қалды

Screenshot_2.png

Абай ауданы, Ошақты ауылында ауласында ойнап жүрген 4 жасар Айару Әбдіқадыр абайсызда үйінің жанындағы үлкен арыққа құлап кетеді. Оны байқап қалған балалар қыздың әкесіне хабарлап үлгереді. Әкесі қызын судан  алып шыққанда ол көгеріп, ес-түссіз жатқан. Әкесінің айтуынша, қызы шамамен 10 минуттай суда қалып қойған. 

    Оқиға орнына бірнеше минуттың ішінде шұғыл жеткен жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өкпесіндегі суды шығарған соң, тыныс алып баланың беті бері қараған. Жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен көмек көлігінің қажетті техникамен толық жабдықталуының арқасында, суға батып кеткен сәби аман қалды.

    Бүлдіршін Абай атындағы Орталық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Жансақтау бөлімінде жатқан кішкентай Айарудың қазір жағдайы қалыпты. Жансақтау бөлімінен ауыстырылып, тиісті ем алуын жалғастыруда.