Балаларды оңалту орталығы ашылды

диагноз.jpg

– Балаларды әлеуметтік-мәдени, спорт шараларға қатыстырамыз. Сондай-ақ психологиялық жағынан көмек көрсетіледі. Мұнда әлеуметтік заңдылықтарды қадағалайтын арнаулы заңгер бар. Әрі ол заң жүзінде кеңес беріп қоймай,  жалпы құжат жағынан да  көмектесетін болады, – деді Қазақ медициналық орталығы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мақсат Әбдіқадырұлы.


Балалардың  ата-аналары да түрлі психологиялық қолдау тауып, құқықтық мәселелерін шеше алады. Қоғамдық ұйым негізінде ашылған медициналық мекемеде 25 маман қызмет көрсетеді.

Апталықтың мақсаты – ақпараттандыру


Елімізде иммундау апталығы өтіп жатыр. 24 сәуірде басталған игі шара 30 сәуірге дейін жалғасады. Мақсаты – халықты вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабардар ету, иммундауға сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, егу шараларымен толық қамту. Аталған апталықтың қарсаңында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин баспасөз мәслихатын өткізіп, екпенің арқасында соңғы 10 жылда дифтерияға шалдығудың бірде-бір жағдайы тіркелмегенін, соңғы 20 жылда сары ауруға шалдығу жағдайы 40 есеге төмендегенін жеткізді.


– Вакцинациялауға келсек біздің ата-аналар тек ғылыми тұрғыда дәлелденген ақпараттарға құлақ асса дейміз. Интернеттен алынған ақпараттарға ешқашан сүйенуге болмайды! Ғаламтордағы мәліметтердің көбі расталмаған. Түсініксіз профессорларды интернетте кездестіруіңіз мүмкін. Сондықтан, уәкілетті органдардың ақпаратымен ата-аналар шешім шығаруы керек. Вакцинацияның тиімділігін бұған дейін айттым: бұрын ауылда мүгедек жандар көбірек болды. Ол полимелит ауруына сәйкес кездесетін. Қазіргі уақытта ауылдарымызда ондай жағдайлар жоқ. Ол – ең біріншіден вакцинацияның арқасы. Мысалы, барлық тұрғындарға белгілі «А» гепатиті, яғни сары ауруы бойынша елімізде 1998 жылы 34 мың жағдай тіркелген. Қазір бұл аурудың тіркелуі 40 есеге азайды. Біз тек 2 жастағы балаларға екпе жасаймыз – соның арқасы. Өткен жылы сары аурудың 880 жағдайы ғана тіркелді. Ал, дифтерия ауруы соңғы он жылда тіркелген емес, – дейді Бекшин.


Оның айтуынша, қазіргі уақытта елімізде 26 млрд теңгеге вакциналар сатылып алынады. Бірақ, былтыр республикада профилактикалық егулерден бас тартудың 5750 жағдайы тіркелген. Олардың басым бөлігі Атырау, БҚО мен Ақтөбе облысына тиесілі. Салғырғысы келмейтіндердің көбі діни сенімін алға тартады екен. Дегенмен, халыққа медициналық бағыттағы түсіндіру жұмыстары тоқтаған емес

 

Диагноз газеті


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Балаларды оңалту орталығы ашылды