Самаурын шәйіне құмар болмаңыз

самаурын.jpg 

 Нақтырақ айтқанда ыстық шәй ішкендерде өңеш обырының даму қаупі артуы мүмкін екен. Ғалымдардың анықтағанындай, шәйды жақсы көретіндер тәулігіне 700 мл-дан асатын, температурасы +60 градустан жоғары сусынды ішсе, шәйді аз ішетіндермен салыстырғанда оларда өңеш қатерлі ісігінің даму қаупі 90 пайызға артатыны белгілі болды.  Зерттеушілердің айтуынша ерекше қаупі жоғары температура самаурын шәйі болып табылады.

 

Халықаралық онкологиялық зерттеулер агенттігінің хабарлауынша, өңештің қатерлі ісігі әлемдегі сегізінші ең жиі кездесетін қатерлі ісік болып табылады және жиі өлімге әкеледі. Бұл індеттен жыл сайын 400 мыңға жуық адам қайтыс болады екен.

 Диагноз газеті


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Самаурын шәйіне құмар болмаңыз