Вирустық гепатиттер туралы не білеміз?

hep-c-slide.jpg 

Себебі. Вирустық гепатиттерді әр тектес вирустар тудырады. Олар латын алфавитінің әріптерімен белгіленеді: А, В, С, D, Е. Сәйкесінше олар тудыратын гепатит те солай аталады. Осы мақалада ішек инфекциялары тобына жататын, берілу механизмі нәжіс және ауыз арқылы (су, тамақ, жанасу-тұрмыстық жолдар арқылы) болып келетін вирустық гепатиттер жайында әңгіме қозғалмақ.

 

А және Е гепатиттерін нәжіс-ауыз арқылы берілу механизмі біріктіреді. Инфекцияның қайнар көзі аурудың кез-келген түрімен ауырған адамдар болып табылады: аурудың сарғайған, сарғаймаған, өшірілген, инкубациялық және бастапқы кезеңдерінде нәжістерінде А және Е вирустары табылған адамдар. Терісі сарғаймаған, аурудың өшірілген түрімен ауыратын науқастардың саны терісі сарғайған науқастар санынан 2-10 есе көп болуы мүмкін, сондықтан олар аурудың эпидемиологиялық сипат (инфекцияның таралуына) алуына себеп болады. Вирустың нәжіспен бөлінуі инкубациялық кезеңнің екінші жартысынан басталады, ал анағұрлым жұққыштығы инкубацияның соңғы 7-10 күнінде және терінің сарғаюы алдында байқалады. Науқастың терісі сарғая бастағанда, әдетте, одан ауру жұқпайды. Ауру, көбіне, бұзылған су арқылы жұғады. Ауырмаған адамдардың вирус қабылдағыштығы абсолютті болып келеді. А гепатитіне, көбіне, балалар, Е гепатитіне, көбіне, ересектер шалдығады.

 

А гепатиті барлық жерде кездесе береді, ал Е гепатиті, негізінен, тропикалық және субтропикалық өңірлерде, Орта Азия елдерінде кездеседі.

 

А және Е гепатиттерінің қоздырғыштары адамның ағзасына асқазан-ішек жолдары арқылы енеді және қанмен бауырға өтеді, оның жасушаларына еніп, сол жерде көбейеді. Сол сәтте оларды вирустар жояды. Тез арада иммунитет күшейеді, вирус зарарсыз етіледі, зақымдалған жасушалар мен вирус бөлшектері ағзадан алып тасталады. А гепатитінен соң, өмір бойы оның қоздырғышына деген қабылдамаушылық дамиды. Е гепатитімен ауырған соң, иммунитет тұрақсыз болады, ауру қайта жұқтырылуы мүмкін.

 

Вирустық гепатиттер ауру көріністерінің айқындылық дәрежесіне қарай келесі түрлерге бөліп қарастырылады: сарғаю, сарғаймау, өшірілген, белгілерсіз. Сарғаю түрін үш кезеңге бөледі: сарғаю алды, сарғаю және айығу кезеңі.

 

А гепатиті. Инкубациялық кезең (яғни ағзаға вирус түскен сәттен бастап, клиникалық белгілер пайда болғанға дейін) орта есеппен 15-30 күнді құрайды.

 

Сарғаю алды кезеңі, әдетте, 5-7 күнге созылады. Ауру жіті басталады. Дене қызуы 38-39оС дейін көтеріледі де, 1-3 күн сақталып тұрады. Тұмауға ұқсас белгілер пайда болады – бас ауруы, айқын көрініс беретін жалпы әлсіздік, дімкәстік, бұлшықеттердің ауруы, қалтырау, ұйқышылдық, түнгі уақыттағы ұйқының бұзылуы. Осы фонда диспепсиялық бұзылулар пайда болады – тәбеттің төмендеуі, ауызда ащы дәмді сезу, жүрек айну, кейде құсу, оң жақ қабырға астының және қарынүстінің ауырсынуы және қолайсыздықтың сезілуі, темекі шегушіліктен жирену. 2-4 күн өткен соң, несеп түсінің өзгеруі байқалады. Ол сыра не қою шай түсіне ұқсап кетеді. Одан кейін нәжіс түссіз болып кетеді. Аурудың сарғаю кезеңі басталғанын білдіретін белгі ретінде аққабықтың сарғаюы байқалады. Сарғаю кезеңі 7-15 күн созылады. Ең алдымен, ауыздың сілемейлі қабықшасы (тіл жүгеншігі, қатты таңдай) және аққабық, одан кейін тері сарғая бастайды. Сарғаю пайда болған соң, сарғаю алды кезеңіндегі белгілер бәсеңдей бастайды, ал көптеген науқастарда мүлдем жоқ болып кетеді, бұл ретте, ең ұзақ сақталатыны әлсіздік пен тәбеттің төмендеуі.

 

А гепатиті, әдетте, сәтті (асқыну және шектік жағдайларсыз) аяқталады. Толық клиникалық айығу, көп жағдайда (90%), ауру басталғаннан кейін, 3-4 апта ішінде басталады. Науқастардың 10%-да айығу кезеңі 3-4 айға дейін созылып кетеді, бірақ созылмалы гепатит дамымайды.

 

Е гепатиті. Ауру А гепатитіне ұқсас жүреді. Жүкті әйелдерде ауыр болады, 10-20%-да ауру өліммен аяқталады.

 

Вирустық гепатитке шалдығып, одан емделген адамдардың барлығы стационардан шыққан соң, 30 күн ішінде алғашқы рет инфекционистің диспансерлік тексеруінен өтеді.

 

Гепатит ауруынан соң қайта қалпына келтіру кезеңінде жарты жылдай уақыт мерзімінде дене еңбегінің ауыр түрлерімен және спортпен айналысуға тыйым салынады. Осы мерзімге жоғарыда аталған азық-түліктен бас тарту ұсынылады. Кез-келген спирттік ішімдіктерді тұтынуға қатаң тыйым салынады. Дәрі-дәрмек қабылдау барынша шектелуі тиіс. 6 ай бойы алдын алу екпелерін жасатуға қарсы көрсетілім бар, шұғыл болмаса, операциялар жасатпаған дұрыс. Инфекционистің шешімі бойынша, вирустық гепатиттен кейінгі қайта қалпына келу кезеңінде оңалу шипажайда өткізілуі мүмкін.

 

Диагноз газеті