Түркістан облысының медбикелері мемлекеттік наградамен марапатталды

WhatsApp Image 2019-09-10 at 17.33.24.jpeg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған оқыс жағдайда адам өмірін құтқаруда жасаған көзсіз батырлықтары мен жан аямай жасаған еңбектері үшін бірқатар әскери қызметкерлер мен дәрігерлерді мемлекеттік наградамен марапаттады. 

Мемлекеттік награданы Презиетенттің қолынан алғандардың қатарында Түркістан облыстық клиникалық ауруxанасының операциялық бөлімінің бас медбикесі Айгүл Қасымова мен операциялық бөлімнің медбикесі Қалбибі Демеу де бар. Олар ел басына күн туғанда дәрігерлерден қалыспай арыстықтардың өмірі үшін бар күшін сарп етіп, медициналық көмек көрсетті. 

Еске сала кетейік, 24 тамыз күні басталған Арыстағы жойқын жарылыстардан қаланы тастап шыққан 40 мыңға жуық адамның 165-і медициналық көмекке жүгінген. Оның 76-сы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емделуге жіберілді. 89-ы стационарлық емдеуге жатқызылды. 15-і аралас жарақаттар диагнозымен реанимациялық бөлімшелерге түсті. Пациенттердің негізгі контингенті Түркістан облыстық клиникалық аурыханасында, облыстық балалар клиникалық ауруханасында, Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында жатып емделді. Қалған науқастарға алған жарақаттарының дәрежесіне қарай Түркістан облысының аудандық ауруханаларында дәрігерлік көмектер көрсетілді.

WhatsApp Image 2019-09-10 at 17.33.24 (1).jpeg