Түркістанда «Денсаулық» фестивалі өтті

18 қыркүйек күні сағат 09:00-де 20-шы "Денсаулық" фестивалі Түркістан облыстық мемлекеттік мекемелерінде, денсаулық сақтау ұйымдарында, білім беру мекемелерінде, бала-бақшаларда бір мезетте  жаппай таңғы жаттығудан басталды. 

49e8e0cf-7fe7-4a47-9c72-152b8cfb61c6.jpg

Жұмыс орындарында өткен таңғы жаттығуға 10000-ға жуық азамат қатысты. Мұнан соң  Түркістан қаласындағы  "Парасат" саябағынан Арбат демалыс  аймағына дейін белсенді вело спортшылардың қатысуымен велошеру өтті. 

8f7ca7f0-b042-45f2-b172-7d91ee31b7f4.jpg

"Денсаулық" фестиваліне қатысқан облыс әкімінің  орынбасары Сәкен Қалқаманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев  "Денсаулық" қалашығындағы дәрігерлердің жұмысымен танысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен облыстық этномәдени бірлестіктердің "Қазақтану" жобасы аясында «Қазақ дастарханы» ұлттық тағамдар көрмесін тамашалады. 

36b8518d-acde-4494-b9fc-4672000196ce.jpg

"Денсаулық" қалашағында білікті дәрігерлер жергілікті тұрғындарды қабылдап, 500-ге жуық азаматқа медициналық қызмет көрсетті.