Медицина қызметкерлеріне «Қысқа дайындық» көмегі көрсетілді


Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы мен «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен Арыс қаласында көпбалалы және тұрмысы төмен медицина қызметкерлеріне арналған «Қысқа дайындық» қайырымдылық акциясы өтті. 72875953_147645283152638_250002323948961792_o.jpg

Арыс аудандық орталық ауруханасында жұмыс істейтін 20 қызметкерге көмек көрсетілді. Олардың қатарында көпбалалы аналар мен пәтер жалдап тұратын, жалғыз өзі балаларын асырап отырған және жарылыс кезінде үйлеріне зақым келген қызметкерлер бар. 

Медицина қызметкерлерінің «DENSAULYQ» кәсіподақ ұйымы басшылығы алдағы уақытта да жарылыс болған қаладағы медицина қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетеміз деп отыр. Өз кезегінде медицина қызметкерлері Қоғамдық денсаулық басқармасы мен кәсіподақ тарапынан көрсетілген көмектерге ризашылықтарын білдірді.