Басты тақырыбы - толеранттылық

71918481_2401288846856302_8515208092399435776_o.jpg

«Жастар жылы» аясында Түркістан облысында жастар арасында тәрбиеге, жұмыссыздыққа, сонымен бірге теріс ағымдардан сақтандыруға қатысты  көптеген іс-шаралар өтуде. 

Соның бірі жуырда Түркістан облысы н Төлеби ауданы, Ленгер қаласының әкімшілігінде өтті.  Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің әлеуметтанушы Баймақанов Заңғардың арнайы қатысуымен "Тұрғындардың діни наным сеніміндегі діни төзімділігі" тақырыбында әжелер алқасымен, ақсақалдармен, дінтану мамандарымен, құқық қорғау қызметкерлерімен, имамдармен, аудандық ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің психологымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Жалпы аудан ішіндегі тұрғындардың діни ахуалы туралы мәселелер қаралып, ой пікірлерімен бөлісті. Келген өкілдер аудан тұрғындарының діни көзқарастарында толеранттылық төзімділік жақсы жолға қойылғанын, оған жергілікті мекемелердің бірлесе жұмыс жүргізуінің рөлі жоғары екенін тілге тиек етті.

Жалпы жастарды теріс ағымдардың қаупінен сақтандырудың маңызы зор. Қауіптің алдын алмаған жерде түрлі келеңсіздіктердің орын алатыны дәлелденген. Бұған теріс ағымдардың уағызына еріп, санасы уланып, Таяу шығыстағы соғыс өрті шарпыған жердерге кетіп қалған отандастарымыздың тағдыры дәлел бола алады. 




®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Басты тақырыбы - толеранттылық