Психологтар арасында семинар-тренинг өтуде

Screenshot_5.jpg

Түркістан облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Қауіпті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында Түркістан облысының орта мектеп психологтары арасында семинар-тренинг өтуде. Семинар-тренингті жүргізіп жатқан тренерлер: профессор, медицина ғылымдарының докторы, врач-психотерапевт М.А.Асимов, врач психотерапевт, медицина ғылымдарының кандидаты  Багиярова Ф.А. (Алматы).

Семинар-тренингтің мақсаты:

• қиын жасөспірімдермен жұмысты ұйымдастырудың міндеттері мен тәсілдерін түсіну;

• жасөспірімге/оқушыға және оның ата-анасына қолдау көрсету мүмкіндігі;

• мектеп психологтарының өз жұмысымен қанағаттануын жоғарылату және  «жанып кету  синдромның» қаупін төмендету;

• мектепте достық  атмосферасын құру;

• қиын жағдайларды шешу үшін команданы ұйымдастыру мүмкіндігі.  

Семинар-тренинг талқылау, миға шабуыл, командада жұмыс жасай білу, дағды, біліктілікті көрсету, рөлдік ойындар, нақты жағдайлар мен әрекеттер әдістері бойынша өткізіліп жатыр.

Screenshot_6.jpg